27 Сәуір 18:23

Биогумус: Қазақстанның экожүйесін дамыту қолға алынды

Фото:

Қоршаған ортаны қорғап, экожүйе қалыптастыруға негізделген "100 leader" жастар қозғалысының бастауымен және Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қолдауымен ECOфорум өтті.

Табиғат ананың адам баласына берген сыйын қаз қалпында сақтап, қоршаған ортадағы табиғи өнімдерді мақсатты жұмсаудың пайдасы мол. Осы бастаманы еліміздің азаматтары қолдап, таза өнімдерді кәдеге жаратуды бастап кетті. 

Табиғаттан қажеттіліктерімізді алу үшін оған күтім қажет. Ал күтім үшін арнайы технология қажет емес, тек олардың процесстік әрекетіне жағдай жасасақ  жетіп жатыр. Кәдімгі сіз бен біз күн сайын тастап жатқан қоқысты да пайдаға асыруға болады. 

Дәл осы тұжырым негізінде "Биогумус" кәсібі қолға алынған. 

Биогумус деген не? Биогумус - органикалық тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы қалдықтары жауын құрттары және басқа да микроағзалармен (саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицедтер, жәндіктер, буынаяқтылар) өңделеді.

Биогумус өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болғандықтан, оған деген сұраныс та өте көп. Сол себепті алысқа бармай-ақ өзіңіздің аулаңызда биогумус өндіру өте тиімді. 

Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің қолдауымен өткен ECOфорумның мақсаты үйімізден шығатын қоқыстарды пайдаға асырып, қоршаған ортаны ластанудан сақтау. 

"Бигумустың пайдасы мол", - дейді ұйымдастырушылардың бірі Айдар Мәсімғазы. 

"Биогомус - ол тыңайтқыш. Оның пайдасы мол. Біріншіден - үйдегі тазалық, екіншіден - қоршаған ортаны сақтау. Қаражат жағынан да тиімді. Осы әдісті пайдалансақ, сырттан өнім сатып алмаймыз. Өзіміздің тегін қоқысымызды өңдеп, өзімізге пайда алып келеміз. Көшеге тастайтын қоқыстың да санын шектейміз. Осыған Экология департаментінің өкілдері көңіл аударып, жобаны қолдады. Соның нәтижесінде осындай ЭКОжобаны бастадық. Форумға келген қонақтарға, экология басшыларына, шенеуніктерге, эко-активистерге үлкен рахметімізді айтамыз. Алдағы уақытта осыны қолға аламыз деген ойдамыз. Әрбір үйде мынадай өзін-өзі қорытатын, өзін-өзі өңдейтін жәшіктер болса, керемет еді. Ол қаланың экологиясына пайдасын тигізіп, ауадағы лас газдарды да азайтады. Әркім, әр адам өз отбасынан бастауы керек. Соны біздің жастар «100 leader» командасы көріп, белсенді араласты. Нәтижесінде осы форумды ұйымдастырды. Өзіміздің қазақ жастарына үлкен рахмет. Олар да Еуропа, Америка, Жапониядағыдай таза қоғам, таза қалада, таза ауылда өмір сүргісі келеді. Соны жастарымыз қазірден түсініп жатыр. «100 leader» өздері сияқты 100-ге таратса мың болады, ары қарай миллиондаған адам қолдаса Қазақстан көркейіп, өзіміздің өңірімізге пайда алып келеді. Сырттан келген өнімдерді пайдаланбай өз өнімімізбен нарыққа шығамыз. Сол мақсатта өткен форум болды. Барлығын қолдауға шақырамыз. Барынша насихаттағанымыз дұрыс», - деді Айдар Мәсімғазы. 

Айта кетейік, биоробот Калифорниялық құрт пластикадан басқасының барлығын жеп, одан тыңайтқыш шығаруға қабілетті.

Тегтер: