USD
USD
USD

Былтыр Қазақстанға 13 мың қандасымыз көшіп келген

2021 жылы 2022-2026 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленбек. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz.  

Былтыр Қазақстанға 13 мың қандасымыз көшіп келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Ведомство басшысының айтуынша 2020 жылы республикаға этникалық көші-қонды ынталандыру шеңберінде 7 мыңнан астам отбасы немесе 13 мың этникалық қазақ келген.  «Оның ішінде 396 отбасы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарына қоныстанған. Сонымен қатар ел экономикасын білікті шетелдік мамандармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. 2020 жылы бөлінген квота шеңберінде жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға 17,3 мың рұқсат берді. Қазақстандық қызметкерлердің мүдделерін ескере отырып, ағымдағы жылға квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ды құрады», – деді министр.  Ведомство басшысының айтуынша, қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру мақсатында өткен жылы заңнамаға елге келетін қоныс аударушылар қолайлы жағдайлар жасау, шетелдік білікті қызметкерлерді қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі міндеттемелер көздейтін түзетулер енгізілген. «Көші-қон қатынастарын одан әрі дамыту шеңберінде 2021 жылы үш негізгі міндет айқындалды. Біріншісі – Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын қабылдау. Екіншісі – қазақстандық қызметкерлерді шетелде жұмысқа орналастыру және құқықтық қорғау бойынша тиісті жүйені енгізу. Үшіншісі – кадрлардағы қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету кемінде 97% деңгейінде сақтау», – деді Серік Шәпкенов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.