USD
USD
USD

Былтыр қазақстандықтар өмірлерін 98 млрд теңгеге сақтандырған

Осылайша 2020 жылы секторға салынған қаржы 27%-ға артқан. Соңғы жылдары қазақстандықтар арасында адам өмірін сақтандыру қызметі сұранысқа ие бола бастады. Мәселен, 2020 жылы осы салаға құйылған қаржы 97,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 26,9%-ға жоғары. Соңғы 5 жылда адам өмірін сақтандыру қызметіне сұраныс орта есеппен жылына 33,8%-ға өсуде, деп хабарлады finprom.kz.

Былтыр қазақстандықтар өмірлерін 98 млрд теңгеге сақтандырған
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан. NEGE. Бұл салада ең жоғары көрсеткішке «Халык-Life» компаниясы ие. Былтыр сектордағы аталған мекеменің табысы 2,3%-ға артып, 36,7 млрд теңгені құрады. Компанияның өмірді сақтандыру нарығындағы үлесі 37,6%. Одан кейінгі орында «NOMAD Life» (35,1 млрд теңге) пен «Еуропалық сақтандыру компаниясы» (17,7 млрд теңге). Сонымен қатар жылдан жылға Қазақстан нарығында адам өмірін сақтандыруға ден қойған компаниялар саны артуда. Мәселен, 2018 жылдың соңында елімізде мұндай 6 мекеме тіркелсе 2021 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 9-ға жетті. Мамандар мұның сектордың дамуына жағымды әсер еткенін айтады. Сонымен қатар олар аталған үдерісті пандемиямен байланыстырады.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу