USD
USD
USD

Былтыр Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылы 109,2 млн тонна көмір өндірді. Өз кезегінде энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6% артық, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Былтыр Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір жөнелтілді, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,6 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 29,3 млн тонна көмірді құрады. Естеріңізге сала кетейік, 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындарға 7,2 млн тонна болады. 2021 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз ету мынадай көрсеткіштерді құрайды: коммуналдық-тұрмыстық сектор – 93,4%, халық – 99,5%. Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті. Сонымен қатар БҚО, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы