USD
USD
USD

Былтыр елімізде 17,1 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді

Елімізде 2021 жылы 17,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл арғы жылмен салыстырғанда 11,4% көп, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Былтыр елімізде 17,1 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Республика бойынша барлығы 151 192 баспана, оның ішінде 41 250 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Салаға салынған инвестиция көлемі 2,4 трлн. теңгеге жетіп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,1% артты. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі арғы жылмен салыстырғанда барлық өңірде дерлік өскен.

Атап айтқанда, Маңғыстау (119%), Ақмола (115,8%), Жамбыл (112,9%), Павлодар (112,3%) облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы (116,6%) және Шымкент қаласы (116,1%) көш басында. Осы ретте Қарағанды (98,5%) және Қызылорда (93,8%) облыстарын қоспағанда, Қостанай (109,8%), Алматы (109,7%), Шығыс Қазақстан (107,4%), Атырау (106,2%), Солтүстік Қазақстан (105,8%), Батыс Қазақстан (105,1%), Түркістан (104,1%), Ақтөбе (104%) облыстарында, Нұр-сұлтан қаласында (104,6%) оң серпін байқалады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел