7 Ақпан 16:34
...

Былтыр бюджетке қанша салық түсті?

Фото:
Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылы мемлекеттік бюджетке қанша салық түскеніне қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 

Алматы. NEGE. Комитет дерегінше, 2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалған. 

"Жоспар 10 трлн 346,9 млрд теңге болған. Бірақ 377,4 млрд теңге көлемінде қосымша түсім түсіп, жалпы мемлекеттік бюджетке 10 трлн 724,3 млрд теңге салық түсті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25,3% көп немесе 2 трлн 163,1 млрд теңге артық", - делінген хабарламада.

 Оның ішінде: –  Республикалық бюджет 102,1% орындалды (жоспар бойынша 6 трлн 913,8 млрд теңге, 144,1 млрд теңгеге асыра орындаумен 7 трлн 57,9 млрд теңге түсті), бұл 2020 жылмен салыстырғанда өсім 26,6% немесе 1 трлн 482,1 млрд теңге. – Жергілікті бюджет 106,8% орындалған (жоспар бойынша 3 трлн 433,1 млрд теңге, 233,3 млрд теңгеге асыра орындаумен 3 трлн 666,4 млрд теңге түсті), бұл 2020 жылмен салыстырғанда өсім 22,8% немесе 681,0 млрд теңге артық.

"2020 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдер өсімінің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша өсім – 34,2% немесе 533,7 млрд теңге, экспорттық кеден баждары бойынша өсім – 1,8 есе немесе 441 млрд теңге, ЕАЭО елдерінен импортқа қосылған құн салығы бойынша өсім – 34,7% немесе 235,8 млрд теңге, үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша өсім – 23,1% немесе 149,3 млрд теңге, пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша өсім – 35,1% немесе 116,8 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

 Түсімдердің өсуіне төмендегі факторлар әсер еткен.

"2021 жылды 2020 жылмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның өсуі байқалады, оның ішінде мұнайға 68,7%, мысқа 50,8%, алюминийге 44,2%, мырышқа 32,2%, күміске 22,5%, қорғасынға 20,4% және алтынға 1,7%. Мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 69,2% өсті (2020 жылы 1 тоннаға орташа мөлшерлемесі – 37,9 доллар, 2021 жылы 1 тоннаға – 64,2 доллар)", - делінген хабарламада.

Үшінші елдермен тауар айналымы бір жылда 14,1% өскен (экспорт 25,8% өссе, импорт 6,2% төмендеген). "2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда өткізу бойынша айналым 58,7% өсті (93 231 млрд теңгеден 147 991 млрд теңгеге дейін). 2021 жылы бір салық төлеушіге онлайн бақылау-касса машиналарынан орташа түсімі 16,6% артқан (38,3 млн теңгеден 44,7 млн теңгеге дейін)", - деп жазылған хабарламада.

Тегтер: