Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Былтыр бейнекамералар жол ережесін бұзудың 2,6 миллион фактісін түсіріп алған

Өткен жылы жол қозғалысы ережесін бұзудың 2,6 миллион фактісі бейнекамера арқылы анықталды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігінің Facebook-парақшасында өткен тікелей эфирде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былтыр бейнекамералар жол ережесін бұзудың 2,6 миллион фактісін түсіріп алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өткен жылы 5 жарым мыңнан астам қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу электрондық форматта жүргізілді. Сотталғандарды ұстау жағдайлары жақсарды. Туыстарымен бейнекездесу, интернет-дүкендерден жекелеген тауарларға тапсырыстар енгізілді, басқа инстанцияларға электрондық өтініштер беру үшін терминалдар орнатылды», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. Оның айтуынша, елдегі әрбір екінші жол-көлік оқиғасы бейнекамера арқылы анықталған. «Мысалы, өткен жылы 2,6 миллион жол қозғалысы ережесін бұзушылық бейнекамера арқылы анықталды. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін министрлік биыл іске асыратын басқа пилоттық жобалардың ішінде баланың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін «Мені тап» балалар қауіпсіздігі жүйесі бар. Сондай-ақ, көшедегі Жедел шақыру «SОS түймесі» - оны басқан кезде құқық бұзушылық туралы хабарлауға немесе полицияға көмекке жүгінуге болады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық