USD
USD
USD

Былтыр 1,8 мың отбасы жұмыс күшіне зәру өңірлерге қоныс аударды

2020 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін 649 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды.

Былтыр 1,8 мың отбасы жұмыс күшіне зәру өңірлерге қоныс аударды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 319,2 мыңы – тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Субсидияланатын жұмыс орындарына 210 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 19,3 мың; жастар практикасына – 34,4 мың; қоғамдық жұмыстарға – 156,3 мың адам. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін 2020 жылдың қорытындысы бойынша 5,8 мың адам құрамында 1,8 мың отбасы жұмыс күші мол өңірлерден қоныс аударды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит берілді, оның ішінде 11,2 мың микрокредит ауыл тұрғындарына берілді. Микрокредит алушылар қосымша 13,7 мың жұмыс орнын ашты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. Бұдан басқа, 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс