15 Наурыз 14:37
...

Былтыр елімізде 40 мыңнан астам жұп ажырасқан

Ұлттық статистика бюросы
Фото: ғаламтордан

2024 жылы Қазақстанда 123 мыңнан астам неке тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Елімізде некеге тұру деңгейі бойынша Астана көш бастап тұр – елордада 1000 адамға шаққанда 7,34 неке тіркелген. Одан кейін Алматы облысы (6,98) және Ұлытау облысы (6,70) орналасқан. Ал ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында тіркеліп, 5,58-ді құрады.

Алғаш рет некеге тұрғандардың үлесі ерлер арасында 78%-ды, әйелдер арасында 79,1%-ды құрады. Ал ажырасқаннан кейін қайта отбасын құрғандар ерлер арасында – 20,8%, әйелдер арасында – 19,4%. Барлық неке тіркелген орындарға тоқталсақ, 82,1 мың (66,4%) неке қалада, ал 41,5 мың (33,6%) неке ауылдық жерлерде қиылған.

Орташа неке жасы:

  • Ерлер – 27,9 жас
  • Әйелдер – 25,2 жас

Ең көп неке жаз айларында қиылған:

  • Маусым – 11 675 неке
  • Шілде – 13 739 неке
  • Тамыз – 12 936 неке

Қазақстандықтардың 81,8%-ы бір ұлт өкілдерімен некеге тұрса, 18,2%-ы өзге ұлт өкілімен бас қосты.

2024 жылы елімізде 40,5 мың ажырасу тіркелді. Оның 74,4%-ы (30,1 мың) қалада, ал 25,6%-ы (10,4 мың) ауылдық жерлерде болған.

Жалпы ажырасу коэффициенті – 2,01 (1000 адамға шаққанда).

Ең көп ажырасу тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 3,12
  • Қарағанды облысы – 3,11
  • Павлодар облысы – 3,09

Ең аз ажырасу Түркістан облысында – 0,90.

Некелердің тұрақтылығына келсек, ажырасулардың 35%-ы 1-4 жыл бірге тұрған жұптарарасында болған. 25%-ы 5-9 жылдық некелер, ал 8%-ы бір жылға да жетпеген отбасылар.

Бұл мәліметтер қазақстандықтардың отбасын құру үрдістері мен ажырасу деңгейі туралы маңызды деректерді көрсетеді.