USD
USD
USD

Билл Гейтстің қызы тойына вакцина алғандарды ғана кіргізді

Америкалық кәсіпкер әрі бизнес-магнат Билл Гейтстің қызы үйлену тойына келетін қонақтардан коронавирусқа қарсы вакцина алуды талап еткен.

Билл Гейтстің қызы тойына вакцина алғандарды ғана кіргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нью-Йорк маңындағы Вестчестер елдімекенінде өткен мерекелік шараға 300-ден астам қонақ шақырылған. Тойға тек коронавирусқа қарсы вакцина алғандар мен ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткендер ғана кіре алған.

"Біз тойда масканы да қолжетімді етіп қойдық. Жақын жандармен қауіпсіз жерде бас қоса алатынымыз үшін қуаныштымыз. Себебі, кей адамдар мұндай басқосулар жасай алмай жатыр. АҚШ-та да, әлемде де пандемия мұндай басқосулардың талқанын шығарды", - дейді Дженнифер.
 

Айта кету керек, жуырда 25 жастағы Дженнифер Гейтс пен Наил Нассар мұсылманша некесін қидырған еді. Жас жұбайлар Стэнфордта оқып жүрген кезде танысқан. Нассар Чикагода дүниеге келіп, Кувейтте өскен. Оның ата-анасы Diwan Interiors International компаниясының негізін қалаған..

Қазір оқып жатыр

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция

Депутаттың компаниясы Шымкентте Hilton салуға ҚДБ-дан көмек сұрады

.

Иран футболшысы ФИФА мен 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға шағымданды

Иран футболшылары