USD
USD
USD

Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын айтты

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі коронавирус пандемиясының 2022 жылдың соңына дейін тоқтамайтынын айтты. Ол бұл туралы TVN24 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүргізушінің сұрағына жауап берген Билл Гейтс, әлемнің барлық елдеріндегі шектеулер COVID-19-дан толық арылмай жалғаса беретінін ескертті. 

"2021 жылдың соңына дейін вакцинациялау деңгейі өте жоғары болуы мүмкін. Сол кезде ауру жұқтыру деңгейі де төмендей бастайды. Бірақ, біз әлемдегі пандемияның көзін толығымен жоймай, шектеу шаралары жалғаса береді", - деді ол. 

Билл Гейтстің болжамы бойынша, адамдар қалыпты өмірге 2022 жылдың соңында келуі мүмкін. 

Сонымен қатар, ол "өзінің пандемияға қатысы бар" деген қауөсетті жоққа шығарды. Коронавирус қолдан жасалған дегендерге де жауап берді.

"Бұл өте өкінішті жағдай! Біреулер коронавирус қолдан жасалған деп бетперде тағудан, енді біреулері екпеден бас тартып жатыр", - деді миллиардер.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси