USD
USD
USD

Билл Гейтс 10 миллион доллар қайырымдылыққа аударады

Forbes журналының ең бай адамдар тізімінде мыңдаған адамның басым бөлігі қайырымдылыққа ден қоя қойған. Біз кеше Amazon басшысының жақсылық жасап сынға қалғаны жайлы жаздық. Бүгін Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс 10 миллион АҚШ долларын қандай қайырымдылыққа аударатынын айтамыз. 

Билл Гейтс 10 миллион доллар қайырымдылыққа аударады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Миллиардер Билл және жұбайы Мелинда Гейтс Қытайдағы коронавирустың жаңа түрлерімен күресу үшін 10 миллион доллар бөлетіндерін мәлімдеді. Қор Қытайда коронавируспен күресу үшін 5 миллион доллар аударады. Қалған 5 миллион доллар Африкадағы ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарына, «қара құрлықты» коронавирустың таралуынан қорғау, соның ішінде вирус скринингі, зертханалық бақылау және науқастарды емдеуге бағытталады. 

Медицина мамандары коронавирустың иммунитеті әлсіз адамға тез жұғатынын және ондай адам вируспен күресе алмай қайтыс болатынын айтып, дабыл қағуда. Билл Гейтс әлеуметтік ахуал төмен «қара құрлық» халқына көмектескенде осыны ескерген сыңайлы. Қытайда туған жұқпалы вирус уақыт өткен сайын шулы тақырыпқа айналып барады. Күні кеше NEGE.KZ тілшісі аты жаман бұл вирустың Қазақстан шекарасынан 150 шақырым жерге жеткенін айтып, дабыл қаққан-ды. 

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот