USD
USD
USD

Билік спорт легионерлеріне қаражат бөлмейді – депутат

Бұдан былай легионерлерге қаржы бөлінбеуі мүмкін. 

Легионерлер
Фото: parlam.kz

Алматы, NEGE. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев енді билік спорт легионерлеріне квазимемлекеттік сектордан да, бюджеттен де қаражат бөлмейтінін мәлімдеді.

«Легионерлерге, Қазақстанда жүрген шетелдік спортшыларға бюджет ақшасынан да, квазимемлекеттік сектордан, «Самұрық-Қазына» секілді қордың ақшасы да берілмеуі керек деген норманы заңға енгіздім. Жұмыс тобындағы әріптес депутаттар қолдады», – деді депутат.

Ол халықтың ақшасы тек халықтың игілігіне жұмсалуы керек екенін, 180 спорт түріне мемлекет бюджетінің ақшасы берілмейтінін мәлімдеді.

«Олимпиадалық, Азиада ойындары, Сурдолимпиада, Паралимпиада ойындары тізіміне енген спорт түрлеріне ғана қаражат бөлінеді. Одан бөлек мемлекеттік спорттық ұйымдардағы балаларға, бұқаралық спортқа беріледі. Яғни, мемлекеттің қаражаты бұрынғыдай оңды-солды шашылмайды», - деді Нартай Аралбайұлы.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті