USD
USD
USD

Білім ұйымдары 100 пайыз ASHYQ жобасына қосылды

Шымкентте білім ұйымдары 100 пайыз ASHYQ жобасына қосылды. Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг кезінде білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева хабарлады.

Білім ұйымдары 100 пайыз ASHYQ жобасына қосылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жайын баяндаған бас мұғалім қаладағы білім мекемелері дәстүрлі форматта оқытуға дайын екеніне тоқталып өтті.

«Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және маска режимі сақталады. Білім басқармасына қарасты 785 білім ұйымдары «Ashyq» жобасына 100% қосылды. Педагогтер мен техникалық персоналдар 100% вакциналанды. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда. Білім беру ұйымдарына бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Бір сынып - бір кабинет талаптары сақталады»,-деді спикер.

Айта кетейік, егер білім алушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберіледі. Науқас және байланыста болған ата-аналар жағдайында балалар қашықтықтан білім алады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек