USD
USD
USD

Білім сапасына баса мән беріледі

Сайлау қарсаңындағы ақпараттық-насихат жұмыстарының бір бөлігі Әл-Фараби ауданы аумағында жалғасты. №18 мектепте «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Әлібекова, Мақсат Абдукаримов және Арай Есенбек жергілікті тұрғындармен жүздесті.

Білім сапасына баса мән беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Білім саласының мамандарына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

– 2021-2022 жылдары білім саласында 35 мыңнан астам оқушыға арналған 68 мектеп ашылды. Ал алдағы уақытта, білім беру сапасын арттыру үшін «Жайлы мектеп» жобасы аясында 25 мектеп құрылысының сапасына партиялық бақылау орнатамыз, 2023-2027 жылдар аралығында 25 білім беру ұйымын күрделі жөндеуден өткізуге қол жеткіземіз, балаларды қосымша біліммен қамтуға ықпал жасаймыз, – деді Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына үміткер Жанар Әлібекқызы.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. Алда бірігіп атқарар жұмыс жетерлік екенін айтқан партияластар көпшілікті 19 наурыздағы сайлауда дауыс беруге шақырды.

 

*Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп