USD
USD
USD

Білім министрлігі екінші тоқсандағы оқу туралы мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде 2021 жылы оқушыларды қашықтан оқыту форматы жалғасатыны жайлы ақпарат тараған еді. Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

Білім министрлігі екінші тоқсандағы оқу туралы  мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Алғашқы тоқсан 5 қарашада аяқталады. Санитариялық дәрігерлердің талаптары бойынша оқушылар негізінен қашықтан оқуда. Ата-аналардың талап-тілектері бойынша 1-4 сынып оқушылары санитариялық талаптардың сақталуымен кезекші сыныптарда білім алып жатыр. Бір сыныпта оқушылардың саны 15-тен аспауы керек. Екінші тоқсан бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтіп отырмыз. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тиісті қаулы шығарады. Денсаулық сақтау министрлігінен шешім шыққаннан кейін оны бірден хабарлайтын боламыз», - деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.

Оның айтуынша, карантин шектеулері жағдайында оқыту форматы туралы шешімді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қабылдайды.

«Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - дейді Гаухар Омарбек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер