Білім мен спорт - болашақтың бастауы

Аудандық маслихат депуттатығына үміткер мен, Дабысов Мұрат Қосайұлы, «Есіктен есікке» акциясы негізінде білім саласының еңбек ардагерлері және ұстаздар қауымымен кездестім. Кездесу барысында «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы уақытта білім, спорт салаларында жүзеге асатын мүмкіншіліктерді атап көрсеткен болатынмын.
Сапалы білімге оның барлық деңгейінде қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданның одан әрі дамуы үшін маңызды шарт.
Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Заман талабына сай білім оқу орындарында білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жақсарту білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.
Жалпы аудан бойынша 20 орта, 2 негізгі,1 бастауыш мектеп болса, 2020 -2021 оқу жылын 4650 оқушымен бастады. Білім ордаларының көпшілігі санитарлық талаптарды сақтай отырып, 16 мектеп дәстүрлі, ал қазіргі жағдайға байланысты 7 мектеп онлайн режимде білім алуда. Оқушыларға сапалы білім беретін ауданда 921 педагог жұмыс істеп жатыр.
Аудандағы мектепке дейінгі ұйымдарда 15 бөбекжай балабақша және 14 мектеп жанынан құрылған шағын орталық, 23 мектепалды даярлық топтары тұрақты жұмыс жасап келеді. 2020 - 2021 оқу жылында 0 - 6 жасқа дейінгі барлық бала саны 2575 құрап отыр.
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданның одан әрі дамуының шарты болып табылады. Білім алуға қолайлы жағдай жасау, Күрделі жөндеуді қажет ететін білім беру мекемелеріне жөндеу жүргізу. Білім беру мекемелерінің материалдық - техникалық базасын нығайту, жаңа модификация кабинеттерімен қоса педагог кадрлармен қамтамасыз ету. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептерді толығымен электронды жүйеге көшіріп және де тұрақты жұмыс жасауына кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, білім беру сапасын арттыру қажет. Ол үшін «Nur Otan» партиясы алдағы бес жылдықта төмендегідей міндеттерді жолға қойып отыр.
Оқушыларды заманауи толқынға ілестеру мақсатында алдағы уақыт компьютермен қамтамасыз ету, қашықтан оқыту үшін интернет - роутерлерді сатып алуды көздеп отырмыз. Әрі сапалы білім беру мақсатында педагогтар үлесін 2025 жылға қарай 65% - ға көбейту бар.
Оқушылардың заманға сай білім алуы үшін тек оқытушы ғана емес, мектептің толық жабдықталуы қажет етеді. Сол негізде алдағы жылы Жаңатаң ауылына 100 орындық мектеп ғимараты қолдануға беріледі деп күтілуде. Қосарал орта мектебі мен Ақтан жырау негізгі мектебіне күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған. Онымен қоса Баршақұм орта мектебіне спортзал құрылысы, Кемершидегі Балдаурен балабақшасының ғимаратын жаңарту жоспарланса, Оймауыт ауылына 150 орындық мектеп –балабақша құрылысының жобалау сметалық құжаттары дайындалу үстінде.
Әлемдік технологиялық стандарттарға сәйкес партияның алдыға қойған мақсаттарының ішінде №2, №3 Қарауылкелді, Жарқамыс орта мектептері жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталуына атлады деп күтілуде. Кейіннен Қ. Жазықов атындағы, Байғанин, Қопа, Баршақұм, С.Жиенбаев, А.С.Пушкин атындағы орта мектептер және Ақтан жырау негізгі мектебін компьютер құралдарымен толық жабдықтауды қолға аламыз.
Бұл шаралардың барлығы облыстағы апатты және үш ауысымды мектептерді толығымен жоюға, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға (PISA және ҰБТ тестінің нәтижелерін жақсарту) мүмкіндік береді.
Аудан көлемінде білім жүйесімен қатар, спорт саласы да айтарлықтай рөлге ие. Ауданда спорт саласына тиісті деңгейде қолдау көрсетсе, салауатты өмір салтын ұстанушылар тиісті дәрежеде дайындық жасап, соның арқасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізе алады. Спорттың даму деңгейі мен халықтың дене шынықтыруға деген немқұрайлылығы экономикалық өрлеуге кері ықпалын тигізуі мүмкін. Әрине, мейлінше дені сау, даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да барынша үлес қосады. Сондықтан, бұқаралық спорт бүгінгі Қазақстан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет.
Аудандағы халықтың спортпен қамту деңгейін көтеру, дене шынықтыру сауықтыру кешендерін, спорт алаңдары мен балалар ойын алаңшаларын, типтік жобадағы спорт залдарымен қамтамасыз ету үшін Жарлы, Ноғайты, Кемерши, Дияр, Қарауылкелді ауылдарында спорт алаңдарын және балалар ойын алаңдарын орнату жоспарға қойылды. Одан бөлек Оймауыт, Жаңатаң, Бұлақтыкөл ауылдарында жаңа буынды спорт залдарымен қамтамасыз етуге ықпал жасаймын. Спорт жабдықтарымен қамтамасыз етуден басқа 2025 жылға дейін әр жылда 150-ге жуық іс-шара ( футбол, дзюдо, қазақ күресі, волейбол, тоғыз құмалақ, шахматы, теннис, ауыр атлетика, ұлттық спорт түрлері сияқты т.б.), өткізу арқылы аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына жағдайлар жасау қамтамасыз етілетін болады. (іс – шараларға жылына 10 мың адам тарту күтілуде).
Бұл шаралар халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 1 мың адамға шаққанда 60% - ға дейін және дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесін 30,5 % - дан 39 % - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы деректерге сүйене отырып, «Nur Otan» партяисы келешек ұрпаққа, жас буынға көптеген жоспарды орындауды көздеп отыр. Мұның барлығы халықтың қолдауының арқасында келмек.
Дабысов Мұрат Қосайұлы
(Қаржы «Nur Otan» партиясы Байғанин аудандық сайлау қорынан төленді.)