USD
USD
USD

Білім күні 39 жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

Елімізде жаңа оқу жылында 55 мың оқушыға арналған 39 жаңа мектеп ашылады. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 132 мың орындық білім беру ұйымдарын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Білім күні 39 жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, 194 білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді: күрделі және ағымдағы жөндеу, пән кабинеттерін жабдықтау, мектеп жиһаздарын, кітапханаларды, асханаларды жаңарту, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, сондай-ақ қосымша 749 пәндік кабинет сатып алынады.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестиция есебінен 30 мың орындық 26 мектеп ашылады. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс