USD
USD
USD

Білім гранттарының саны 75 мыңға дейін артады

2025 жылы білім гранттарының саны 75 мыңға жетеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбет айтты. 

Білім гранттарының саны 75 мыңға дейін артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Егер мемлекеттік тапсырыс жайында айтар болсақ, Конституцияда конкурс арқылы жоғары білім алу құқығы бекітілген. Тек соңғы 3 жылда ғана жоғары білім алуға арналған гранттардың саны 2 есеге ұлғайды десек болады. Қазіргі уақытта гранттардың саны 56 мыңға жетіп отыр», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, Nur Otan партиясының бекітілген бағдарламасында гранттар санын тағы ұлғайту көзделген.

«Қазіргі уақытта Nur Otan партиясының бекітілген бағдарламасы бар және 2025 жылы гранттарын санын тағы арттыру көзделген. 75 мыңға жуық грантқа жететін болады. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау. Шәкіртақыға қатысты айтар болса, соңғы үш жылда оның көлемі де екі есеге артты», - деді Асхат Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев