USD
USD
USD

Білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады.

Білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді.

Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды.

Сондай-ақ ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді.

Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды.

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegram каналында  және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека

Президент Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

Халық Кеңесі

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Сыртқы қарыз

Францияда Temu және басқа маркетплейстердегі тауарларға қосымша салық енгізілді

Temu