USD
USD
USD

Білім беру саласында жемқорлық көбейген

Кейінгі жылдары білім беру саласында жемқорлық фактісі көбейген. 3 жылда 11 миллиард теңгеге жуық ақша ұрланып, 143 адам сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім беру саласында жемқорлық көбейген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның 5 миллиард теңгесі мемлекетке қайтарылыпты. Жетісу облысында 2 жарым жыл қатарынан мектеп басшысы мен екі бухгалтер 4,4 миллиард теңгені заңсыз алып келген. Ең ірі жымқыру фактілері Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарында тіркелді. Мектеп басшылары мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға, туыстары мен жақындарына жалақы аударып отырған. Аталған фактілер бойынша бүгін ведомствоаралық кеңесте талдау қорытындысы шықты.

Нұрдәулет Сәмет, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді талдау басқармасының басшысы:

– Талдау объектісі ретінде жалпы барлық білім беру басқармалары жатқызылды. Оқу-ағарту министрінің қызметі жатқызылды. Нәтижесінде Талдықорған қаласында анықталған қылмыс секілді, қылмыстар басқада облыста, аймақтарда көп орын алғаны анықталды.

Қазір оқып жатыр

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына қатысты пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова