USD
USD
USD

Білім беру орталығында бір жарым жасар қызды ұрып-соққан

Алматыда қалалық полиция департаменті балаларға білім беру орталықтарының бірінде 1,5 жасар қызды ұрып-соғу оқиғасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім беру орталығында бір жарым жасар қызды ұрып-соққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «НеМолчиKz» қорының негізін қалаушы Дина Тансари өзінің Facebook парақшасында балада соққы іздері мен ми жарақаты бар екенін жазды. «Директор мұны өзі секілді басқа бала жасады деп мәлімдейді. Оған сену қиын», - деп жазды ол.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті ҚР ҚК 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді және Жетісу аудандық полиция басқармасының іс жүргізуіне берілді.

«Тергеу аясында тиісті жұмыстар мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады», - деп атап өтті қалалық полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары