USD
USD
USD

Білікті кадрлар даярлау – басты міндет

Әлемдегі орын алған пандемия дәрігерліктің аса қажетті мамандық екенін дәлелдей түскендей.

Білікті кадрлар даярлау – басты міндет
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Коронавируспен күрес кезінде қаладағы барлық медициналық оқу ордаларының соңғы курс студенттері де жұмылдырылған болатын. Сондықтан білікті кадр дайындау әрдайым басты міндет болып қала бермек.

Шымкенттегі жоғары медициналық коллежді осы бағытта жұмыс жасап жатқан бірегей білім беру мекемесі. Колледж жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастады. Мұнда орта буын медициналық қызметкерлерінің білімін жетілдіру бөлімшесі, симуляциялық орталықтар бар.

Бүгінде Жоғары медицина колледжінде 2 мыңнан аса студент білім алады. Кадрларды дайындау 8 мамандық, 9 біліктілік бойынша жүргізіледі: фельдшер, акушер, жалпы практика мейіргері, мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры, гигиенист-эпидемиолог, дантист, медициналық лаборант, фармацевт және тіс технигі.

Биыл медицина колледжін 552 студент бітірген. Оқу орнын бітірген жас мамандардың басым бөлігі өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек