USD
USD
USD

Білікті дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Шымкентке қоныс аударды

Дарынды дәрігер, мықты нейрохирург

Білікті дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев Шымкентке қоныс аударды
Фото: NEGE.kz

Мыңжылқы Бердіқожаев Шымкентке қоныс аударып, қала ауруханасының бірінде қызмет атқармақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желіде хабарлады.

Алматы, NEGE.  Шымкент басшылығы былтырдан бері келіссөз жүргізіп келген. «Бердіқожаев атақты “Совминканың” нейрохирургия бөлімінің жетекшісі. Мыңжылқыны бүкіл Қазақстаннан іздеп келеді. Консультациясына кезекке тұрады. Тіпті бір-бірінен естіп Қырғызстан мен Өзбекстаннан да науқастар Мыңжылқыны іздеп келеді. Шетелдіктерге жасалған әр отасы 20 мың долларға бағаланады. Ол қаржы елге келеді, денсаулық саласына келеді.

Қазір қаржы науқастың ізінен жүреді. Егер науқастар Оралдан немесе Семейден ота жасау үшін Шымкентке келетін болса, қаржы да Шымкентке келеді», – деп мәлімдеді Шыңғыс Мұқан.  

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер