USD
USD
USD

Билетті бет-әлпетті тану арқылы аласыз

 Қазақстанда бет-әлпетті тану технологиясының көмегімен темір жол билеттерін сатуға арналған ілкі жоба іске қосылмақ.

Билетті бет-әлпетті тану арқылы аласыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Вагондардың толуын және билеттерді заңсыз қайта сатуды қадағалау мақсатында Digital ID тұлғаны қашықтан сәйкестендіру сервисінің көмегімен теміржол билеттерін онлайн сату ілкі жобасын іске қосуды жоспарлап отыр», - делінген «BTS Digital» таратқан ақпаратта.

Пойызға отырғызу кезінде жолсерік билет сатып алған жолаушының тұлғасын смартфондағы бағдарлама көмегімен фотосурет арқылы немесе вагонның толуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік камера мен компьютер арқылы тексере алады. Қазіргі уақытта Алматы-Орал бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының бір вагоны тұлғаны қашықтан сәйкестендіру сервисі жабдықталған. Теміржол билеттерін сатып алудың жаңа форматы оларды қайтару саясатына ешқандай әсер етпейді. Билеттерді жолаушылар ағымдағы уақытта қолданыста жүрген барлық қағидаларға сай ауыстырады немесе қайтара алады. Балалармен жолға шыққан жағдайда олар деректері сәйкестендірусіз енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu