Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Билет сатудың жаңа жүйесі тиімді ме?

Теміржол билетін сатудың жаңа жүйесі қайта сату көлемін едәуір азайтқан, – деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов. Бұл туралы

Билет сатудың жаңа жүйесі тиімді ме?
Фото: NEGE.kz

ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

Алматы, NEGE.  «Жаңа жүйенің іске қосылғанына 5 айдың жүзі. Осы уақыттың ішінде жақсы нәтиже көрсетті. Кассадан сатып алып, оны қайта саудалау төмендеді. Бұл жүйе өз жемісін береді деп сенемін», – деп жауап берді министр Атамқұлов мәжіліс депутаты Айгүл Нұркинаның билет тапшылығына қатысты сауалына. 

 «Бір апта бұрын билет алайын десең, таппайсың. Жаз маусымы мен демалыс кезінде мүлдем жоқ. Ал алыпсатарлардың әрекеті туралы сөз көп. Олар билет құнын екі есеге саудалап жүр. Осы түйткілді шешу жолы бар ма?» деген-ді депутат.

Алайда, министр келтірген мәлімет бойынша бұған жолаушы паркі вагонының жетіспеушілігі бірден-бір себеп. Қазір бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді. «Екінші себеп,  үнемі сын тезіне алынатын теміржол саласына жаз кезінде өзгеріс енгізілді. Бұл бойынша бір адамға көп билет сатуға тыйым салынған жаңа ереже қабылданды. Билет әр адамның жеке құжатындағы ЖСН бойынша сатылады», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Айта кету керек, бұдан бөлек алыпсатарға 5 АЕК көлемінде әкімшілік жаза тағайындалды.

 

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov