2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Былапыт сөйлеп, айыппұл төледі

Атырауда былапыт сөйлеп, полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген тұрғынға 125 мың теңге айыппұл салынды. 

Былапыт сөйлеп, айыппұл төледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау қаласының тұрғыны былапыт сөйлеп, жәбірленушінің тыныштығын бұзған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірген. «Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігін және 478-бабын бұзған азамат Х.В.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы 19 сәуір кешкі сағат 19:40 шамасында Атырау қаласындағы Әліпов көшесінде азаматша А.-ға былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртiптi және жәбірленушінің тыныштығын бұзған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірген» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, алкогольдік масаң күйде әрекетіне есеп бермегенін айтқан. Құқық бұзушы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 125 010 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті