USD
USD
USD

Биылғы жазда Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайды

Жаз мезгілінде Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайтын болды. Бұл туралы ҚР «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жазда Алакөлге екі жолаушылар пойызы қатынайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, №221/222 Алматы-2 - Достық (коммерциялық) пойызы Алматы-2-ден 2022 жылғы 15 маусым-31 тамыз аралығында сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылдың 16-шы маусымынан бейсенбі, сенбі және сейсенбіде аптасына 3 рет қатынайды.

Нұр-Сұлтан-1-Достық қатынасындағы №258/257 пойызы аптасына Нұр-Сұлтан-1-ден 2022 жылғы 16 маусым-28 тамыз аралығында бейсенбі және жексенбі күндері, ал Достықтан 2022 жылғы 17 маусым-29 тамыз аралығында жұма және дүйсенбі күндері 2 рет қатынайды.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе ҚТЖ билеттері мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді ұсынады. Жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда Күту парағы функционалын пайдалануды ұсынамыз»,-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер