USD
USD
USD

Биылғы ҰБТ қалай өтеді?

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізу кезінде арнайы мониторинг топтарын жұмылдыру туралы бастама жасады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Биылғы ҰБТ қалай өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен тестілеудің ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу қатаңдатылмақ. Ол үшін Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының өкілдері жұмылдырылады. «13 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Ұлттық тестілеу орталығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлердегі арнайы мониторингтік топ өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес, 2020 жылы 16-20 қаңтар аралығында 99 пунктінің базасында ҰБТ өтеді. Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы өзгеріссіз. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді. ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2019 жылы 1-15 желтоқсан аралығында бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде, ҰБТ-ға қатысуға 95 мыңнан аса адам өтініш берді.

ҰБТ-да 820 аудитория пайдаланылады. Барлық аудиториялар ұялы байланыс құралдарының жұмысын басатын құралдар және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Қазір оқып жатыр

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Парақорлық

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Қанат Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

«Алатау» АЭА

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Базарбек