22 Шілде 19:00
...

Биылдан бастап жаңа тәрбие жұмысының бағдарламасын енгіземіз – Ерлан Қарин

Қарин
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Ұлттық бірегейлікті дамытудың тәсілдерін атады. 

Алматы, NEGE. «Біздің ұлттық болмысымыздың бірнеше өлшемі бар. Олар адамгершілік, тәрбие, рухани жұмыстарға негізделетін болады. Біздің азаматтық бірегейлігіміз, ұлттық болмысымыз қалыптасқан. Елімізде бірегейліктің бірнеше өлшемі бар. Мейірімді болуды, кішіпейіл болуды біз мәдениет, руханият арқылы дамытамыз. Ұлттық бірегейлігімізді отбасылық тәрбие арқылы қалыптастырамыз. Азаматтық бірегейлігімізді құқықтық негізде қалыптастырамыз. Қарапайым адами құндылықтарды мектеп жасынан бастап баланың бойына сіңіреміз.

Біз биылдан бастап жаңа тәрбие жұмысының бағдарламасын енгіземіз. Мұндағы мақсатымыз – әрбір балаға ортақ тәрбие жұмысының тұжырымдамасын ұйымдастыру. Нақты құндылықтардың тізімі бекітіледі. Сол құндылықтарға баулу жұмыстары жүргізіледі.

Ұлттық бірегейлігімізді дамыту жолында көптеген ұлттық жобаны қолға алып жатырмыз. Азаматтық бірегейлігімізді дамытуға бағытталған қосымша құқықтық шешімдер бар. Осының барлығы түптеп келгенде ұлттық бірлігімізді нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті Ерлан Қарин.