USD
USD
USD

Биыл жарық бағасы қымбаттамайды

Биыл электр энергияның бағасы былтырғы деңгейде сақталуы тиіс.

Биыл жарық бағасы қымбаттамайды
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Энергетика министрі айтты.

Алматы. NEGE. Болат Ақшолақов қуат тапшылығына, желіге заңсыз қосылатын майнерлер әсер етіп отырғанын жасырмады. Қазір энергиямен толық жабдықтау және ұлттық электр жүйесінің тұрақтылығын сақтау бағытында ауқымды жұмыс қолға алынды. Тиісті жоба 180 күн ішінде әзірленуі тиіс.

- Қазіргі уақытта заңсыз қоcылған майнерлерді анықтап табу керек негізі. Бұған тек ғана біздің министрлік емес, Энергетика министрлігі электр қуатпен жабдықтау мәселесін шешіп жатыр. Сол себепті бұл Үкіметтің құзырлы органдарының бірлескен жұмысы болу керек. Қазіргі уақытта біз нақты шаралар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижелерге жеткенде қосымша хабарын береміз, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Жанар-жағармайды сатуға қойылған шектеу мерзімі ұзартылады. Сондай-ақ жанар-жағармайды мамыр айына дейін экспорттауға қойылған уақытша шектеу мерзімі ұзартылады. Себебі мораторий алынып тасталғаннан кейін баға бірден шарықтап кетуі мүмкін. Энергетика министрлігі бұл жайттың алдын алмақ. Ал жанар-жағармай бағасын реттеу үшін алыпсатарларға тосқауыл қойылады. Енді сатып алушылар тек өндірушілермен тікелей жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Тоқаев

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

жеке дерек

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Дархан Сатыбалды, Олжас Сүлейменов

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент