USD
USD
USD

Биыл жаңажылдық корпоративтер бола ма?

Елімізде жаңа жыл қарсаңында мерекелік кеш-сауық өткізуге рұқсат бар ма? Үкімет үйінде тілшілердің бұл сұрағына ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Биыл жаңажылдық корпоративтер бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдымен әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талап енгізіледі, яғни қоғамдық және тамақтану орындары мен концерт залдарға қанша адамның кіруге болатындығы туралы. Оны сол өңірдің мемлекеттік бас санитар дәрігері анықтайды. Рұқсат берілген жағдайда көпшілік баратын қоғамдық орынның неше адамға арналғаны ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өңірдің қай аймақта орналасып тұрағаны да маңызды. Коронавирустың тарауы бойынша «жасыл», «сары» немесе «қызыл» аймақ бар», - деді А. Цой жауап бере тұра.

Сондай-ақ, министр әр облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері сол өңірдегі эпиджағдайға байланысты жеке шешім қабылдай алатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов

«Қазақмыста» тағы да еңбек дауы: кеншілер басшылыққа қандай талап қойды?

.