USD
USD
USD

Биыл талапкерлердің үштен бірі ҰБТ-да шекті балл жинай алмады

ҰБТ-ны 154 мың талапкер екі мүмкіндікті есептегенде 276 мың рет тест тапсырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

Биыл талапкерлердің үштен бірі ҰБТ-да шекті балл жинай алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-ын құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ға жоғары. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы, яғни 33%-ы шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы 66 балды құрады. Биыл ең жоғары балл – 139. 3179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары жинады», - деді спикер.

Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алды. Биыл апелляцияға 50 мыңнан астам өтініш берілді, оның ішінде 318 өтініш қанағаттандырылды.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия