USD
USD
USD

Биыл талапқа сай емес 36 оқу орны гранттан қағылды

Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен онлайн баспасөз мәслихаты өтті. 

Биыл талапқа сай емес 36 оқу орны гранттан қағылды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министр Аймағамбетов 25 универсиеттің 70 шақты лицензиясын қайтарып алғанын айтты. "Ондағы 17 мың студентті басқа жоғары оқу орнына ауыстырдық. 5 университетті толығымен жауып, 45 мың студентті басқа оқу орнына көшірдік. Бұл мәсепле ЖОО ғана емес, колледждерге де қатысты. Биыл 130 колледж лицензиясынан айырылды. Бұл тазалауды міндетті түрде жалғастырамыз. ЖОО-ның сапасына, мазмұнына ерекше көңіл бөлуді қолға алдық. Кезінде заңгерлерді елімізде 2 оқу орны дайындаса, бүгінде 72 университет дайындайды екен. Олардың сапасы қандай? Біраз мәселе бар. Ал педагогтерді 85 универитет дайындап келді. Осы мамандықтар бойынша талап қатаң болады. Грантты беру бойынша да талапты қатайттық. Биыл алғаш рет тиісті талаптарға сай емес 36 оқу орны мемлекеттік грант алған жоқ" деді Аймағамбетов.  

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес