USD
USD
USD

Биыл ораза айт намазы қай жерде оқылады?

Еліміздің барлық өңіріндегі мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылады. Бұл жайында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасынан мәлім етті.

Биыл ораза айт намазы қай жерде оқылады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатындығын (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің қаулысы бойынша рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз.

Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз: бетперде (маска) киіп келу; үйден дәрет алып келу; намаздан соң қол беріп амандаспау; намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту; жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу. Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал»,- делінген діни басқарма мәлімдемесінде.

ҚМДБ барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырады.

«Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин!», – деп атап өтеді ҚМДБ-дан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy