USD
USD
USD

Биыл күзде Парламент сайлауы өтеді

Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады. Бұл жайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров ҚазАқпаратқа берген сұхбатында мәлім етті.

Биыл күзде Парламент сайлауы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жақында жергілікті сайлау өтеді. Референдум өткізу белгіленді, оны біз де әділ өткіземіз. Күзде парламент сайлауы өтеді», – деді ол.

Қазіргі депутаттық корпустың өкілеттік мерзімі өткен жылдың қазан айында аяқталды.

Алайда, парламенттік сайлаудан кейін басталған наразылықтар олардың нәтижелерінің жойылуына, сондай-ақ президент Сооронбай Жээнбеков пен Үкіметтің отставкаға кетуіне әкелді.

Нәтижесінде алдыңғы шақырылымдағы депутаттар өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған болатын.

Өткен жылдың соңында олар «2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей» жаңа парламент сайлауын өткізуді көздейтін заң қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті