USD
USD
USD

Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді

Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді, деп хабарлайды Каzinform.

Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып биылғы жылдың 10 айында 9 568 қару иелерiнiң аңшы қаруын сақтау заңдылығын тексерді. 

Аталған шара барысында азаматтық қаруды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзу дерегі бойынша барлығы 348 құқық бұзушылық анықталды. 

«Заңсыз айналымнан 122 дана қару тәркіленді. Одан бөлек, облыс көлемінде азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласы бойынша «Е-лицензиялау» электрондық жүйесі арқылы 4 630 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсат берілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.