USD
USD
USD

Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады

Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Биыл қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқу бағдарламасы жаңартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ең басты мәселе осы екі пәннің (қазақ тілі мен әдебиеті) оқу бағдарламасын жаңарту болатын. Олардың оқу бағдарламасын міндетті түрде жаңартуымыз керек. Жиналысқа (Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері съезі) келген барлық мұғалімнің көтерген мәселесі де осы. Қазақ әдеибетінің мазмұны болсын, қазақ тілі пәнінің мазмұны болсын, әрине біраз жетілдіретін мәселе бар. Сондықтан жұмыс тобының отырыстарында айтылған бүкіл мәселе шешімін табуы керек. Оның ішінде оқу бағдарламасының мақсаттарын қайта қарау мәселесі де көтерілген еді. Оқытылатын шығармалар, грамматикалау жүйесі, жас ерекшеліктерін ескеру және басқа да мәселелерді әріптестеріміз көтерді. Сол себепті осы проблемаларды шешуді әрі қарай жалғастыру керек. Мұны осы жылы міндетті түрде толық шешуіміз қажет», - деді ол Білім министрлігінің аппарат жиналысында.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов