USD
USD
USD

Биыл қанша қасқыр атуға болатыны анықталды

24 желтоқсанда Nege.kz порталында «Бұқар жырау ауданында бөрілер ауылды торуылдап жүр» деген мақала жарияланған. Мақалада Қарағанды облысында қасқырлар малға жан таптырмай жатқаны, тіпті бөрілердің ауылды торуылдай бастағаны айтылған еді. Жұрт құзырлы органдардан қасқыр атуға рұқсат беруін талап еткен. Осы мәселеге байланысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комиетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Nege.kz порталына жауап берді.

Биыл қанша қасқыр атуға болатыны анықталды
Фото: NEGE.kz

«Қасқыр мен шибөрінің санын реттеу үшін 2020 жылдың лимиті бекітілді. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысымен жыл сайын Республика аумағында қасқыр мен шибөрінің саны реттеліп отырады.

Қасқыр мен шибөрінің санын реттеуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету болып саналады және оны облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы электронды портал арқылы жүзеге асырады. Яғни кез келген аңшы электоронды портал (www.egov.kz) арқылы онлайн түрде өтініш бере алады. Егер интернет жоқ болса, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан рұқсат алуға болады.    

Қасқыр мен шибөрі – санын реттеп тұруға тиіс аңдардың санатына жатады. Халықтың денсаулығы үшін және ауыл шаруашылығы жануарларының ауру-сырқауына тосқауыл қою үшін қасқыр мен шибөрінің санына бақылау жасау қажет» деді С.Ділдәхмет.

Сонымен, 2020 жылы Қазақстан бойынша 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі аулауға рұқсат етілді. Ең көп рұқсат Алматы облысына берілсе, Солтүстік Қазақстан облысына мүлдем рұқсат етілмеген. Төмендегі кестеде қай облысқа қанша қасқыр мен шибөрі аулауға рұқсат берілгені көрсетілген.

01.01.2020 – 31.12.20200 аралығында ҚР аумағында қасқыр санын реттеу лимиті

ОблысРұқсат етілгені
Ақмола 4
Ақтөбе 309
Алматы 1500
Атырау 903
Шығыс Қазақстан 510
Жамбыл 453
Батыс Қазақстан 57
Қарағанды 28
Қостанай 55
Қызылорда 432
Маңғыстау 276
Павлодар 21
Солтүстік Қазақстан 0
Түркістан 276
Барлығы 4 824

                    

01.01.2020 – 31.12.2020 аралығында ҚР аумағында шибөрі санын реттеу лимиті

Алматы 1 000
Жамбыл 377
Батыс Қазақстан 6
Қызылорда 9 125
Маңғыстау 540
Түркістан 685
Барлығы 11 733

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский