USD
USD
USD

Биыл қай елдерге астық экспортталады?

Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл Қазақстан қай елдерге астық экспорттайтынын айтты.

Биыл қай елдерге астық экспортталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Қазіргі кезде 11,5 млн тонна бастарылды», - деді министр. Сонымен қатар баспасөз мәслихатында биылғы маркетингілік жылда қанша астық экспортталатыны туралы сұрақ қойылды.

Сапархан Омаровтың айтуынша, биыл астық эквивалентінде 7-8 млн тонна көлемінде астық пен ұн экспортының әлеуеті болады. «Экспорт бағытында біздің негізгі серіктес елдер қамтылады, яғни Өзбекстан, Тәжікстан, Қығызстан, Түрікменстан, Ауғанстан мен Иран мемлекеттеріне тасымалданады. Қытайға қарай астық пен ұн экспорты көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталып өткендей, биыл 18 млн тонна астық жиналса, осы көлемнің тиісті бөлігі осы нарықтарға бағытталады», - деді ведомство басшысы.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева