USD
USD
USD

Биыл ең көп табыс тапқан боксшылар

«Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқаны үшін 15 млн доллар табыс тапты», деп жазады 24.kz интернет сайты.

Биыл ең көп табыс тапқан боксшылар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бокс пен жекпе-жек өнерінің жаңалықтарына арналған Vringe.соm порталының мәліметінше, GGG 15 млн пайда тапқан. Ал, Сауль Альварес екі жекпе-жегінде де өз қарсыластарынан екі есе көп табысқа кенелген. Бұл кездесулер Дэниел Джейкобс пен Сергей Ковалевке қарсы өткен болатын. Ал Энтони Джошуа 2019 жылы ең мол табыс тапқан боксшы атанды. Ол Энди Руиспен өткен реваншта 85 млн доллар гонорар алған.

2019 жылы ең көп гонорар алған 10 боксшы, мыналар: 85 млн АҚШ доллары – Энтони Джошуа (Энди Руиспен өткен реваншта). 75 млн әрқайсысы – KSI мен Логан Пол өздерінің екінші кездесуінде 150 млн доллар тапты (бұны өзара теңдей бөліседі). 36 млн – Сауль Альварес Дэниел Джейкобспен жекпе-жекте. 35 млн – Сауль Альварес Сергей Ковалевпен жекпе-жекте. 25 млн – Энтони Джошуа Энди Руиспен бірінші жекпе-жекте. 15 млн – Геннадий Головкин Сергей Деревянченкомен жекпе-жекте. 13 млн –Энди Руис Энтони Джошуамен екінші жекпе-жекте. 11 млн – Тайсон Фьюри Том Шварцпен жекпе-жекте. 10 млн – Деонтей Уайлдер Доминик Бризилмен жекпе-жекте. 10 млн – Дэниел Джейкобс Сауль Альвареспен жекпе-жекте.

Қазір оқып жатыр

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық