USD
USD
USD

Биыл елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнатылмақ

 Биыл елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнату жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған.

Биыл елордада Алаш арыстарына ескерткіш орнатылмақ
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы аллеяға «Алаш» атауын беру мәселесі алдағы уақытта қалалық ономастика комиссиясының кезекті отырысында талқыланады. Сонымен бірге астана әкімшілігі осы жылы Алаш арыстарына ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ескеркішті орналастыру нұсқалары қарастырылуда. Жалпы Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында», - деді вице-премьер сауалға берген жауабында. Жалпы, бүгінде республика деңгейінде Алаш қайраткерлерінің есімдері 200-ден аса білім және мәдениет мекемелеріне берілген. Алматы қаласында, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында Алаш арыстарының есімдерімен елді мекендер, аудандар, алаңдар, көшелер мен түрлі нысандар аталып, оларға арналған ескерткіштер орнатылған.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу