USD
USD
USD

Биыл Елордада 600-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді

Әлеуметтік желілерде фейк парақшалар ашып, бренд телефондарды арзан бағаға сатамын деп елорда тұрғындарын алдаған 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Елордада 600-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Полицейлер интернет-алаяқтық күдігімен жергілікті тұрғынды ұстады. Ол әлеуметтік желіде фейк аккаунттарды құрып, бренд телефондарды арзан бағаға жеткізіп беретінін жариялаған. Атап айтқанда, iPhone смартфондарының соңғы нұсқаларын 200 000 теңгеге ұсынған, ал шын мәнінде бұл телефондар айтарлықтай қымбат тұрады. Ол әлеуметтік желілерге телефондардың суреттерін орналастырып отырған. Қаланың екі тұрғыны күдіктінің құрығына түсіп қалғаны белгілі болды», - делінген қалалық Полиция депатертаментінің мәліметінде. Анықталғандай, аталған екі адам телефонды жеткізіп беремін деген күдіктінің электронды әмиянына ақшаларын аударып үлгерген. Алайда тауардың бар немесе жоқ екенін тексермеген. Қазіргі кезде оның осы тектес басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. «Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 620 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 80 пайызы онлайн саудаға қатысты болып отыр», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Елші және Қасым-Жомарт Тоқаев

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші