USD
USD
USD

Биыл елордада 5G интернет іске қосылады

2023 жылға қарай үлескерлік құрылыстағы барлық проблемалы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады.

Биыл елордада 5G интернет іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан. NEGE. «Шағын және моноқаларды қоса алғанда, қалаларда өмірдің жайлы және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету жұмысы жалғасады. 2023 жылға қарай үлескерлік құрылыстағы барлық проблемалы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады. 2025 жылға қарай барлық республикалық жолдар жаңғыртылып, жөнделеді және жол бойындағы сервиспен қамтамасыз етіледі», - деді Үкімет басшысы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлау бағдарламасын орындаудың Жол картасын талқылау барысында. Премьер-Министрдің айтуынша, биыл 2,2 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылып, республикалық жолдардың 66 пайызы жол бойындағы сервиспен қамтамасыз етіледі. «2025 жылы барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалалар жоғары жылдамдықты 5G интернетпен қамтылатын болады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында, 2022 жылы Алматы қаласында пилоттық іске қосу жүзеге асырылып, одан кейін республикалық маңызы бар қалаларда және барлық облыс орталықтарында өндірістік пайдалануға енгізіледі», - деді ол. Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының 350 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізетіндігін айтты. «2021 жылы 68 мың адам газға қол жеткізіп, одан кейін жыл сайын кеңейту есебінен мақсатты көрсеткішке жеткізіледі», - деді Асқар Мамин.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары