USD
USD
USD

Биыл елімізге алты миллионнан аса турист келеді деген болжам бар

 Кейінгі жылдары елімізде ішкі туризмнің өсу қарқыны біршама жақсы. Былтыр да саяхатшылар саны 6 миллионнан асып, рекордтық көрсеткішке жеткен. 

Биыл елімізге алты миллионнан аса турист келеді деген болжам бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл да турист саны азаймауы тиіс. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда туроператорлармен жүздесіп, туризмді дамыту төңірегінде ой өрбітті. Оның ішінде Kids Go Free бағдарламасы, яғни ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік беретін жоба жайы талқыланды. Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі туризмнің өсуіне бірнеше фактор әсер еткен.

Соның бірі әлемдік пандемия. Бұған қоса жаңа туристік нысандар ашылып, туристік бағыттар артқан. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен кездесуде жазғы маусымның гранд маршруттары анықталып, сол бойынша жұмыстарды бірге жүргізу жолдарын талқылады. Ал туристік компаниялар турпакет шеңберінде саяхаттайтын кәмелетке толмаған жолаушылардың билет құнын субсидиялауды жылдамдатуды сұрады.   

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич