USD
USD
USD

Биыл еліміздің автопаркі 1235 жаңа автобуспен толықты

Өнеркәсіпті дамыту қоры автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде еліміздің барлық өңірі бойынша 4 333 жолаушылар автобусын сатып алу үшін қаржы бөлді. 

Биыл еліміздің автопаркі 1235 жаңа автобуспен толықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде электр қуатымен жүретін — 130, газбен — 1 737, дизель отынымен жүретін 2 466 автобус бар, деп хабарлайды Kazinform.

Көлік министрлігінен жасзғандай, жаңа автобустар халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес шығарылған. Яғни, жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдау үшін барлық қажетті функциялармен жабдықталған. Атап айтқанда, кондиционер, өрт сөндіргіштер, бейнебақылау камералары, бейнежазба жүйесі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған механикалық пандустар қарастырылған.

«Сондай-ақ автобустар еліміздің климаттық жағдайына бейімделген. Мәселен, солтүстік өңірлерге арналған қоғамдық көлікте салондарда қосымша пештер мен салондағы ауаны тазартатын құрылғылар орнатылған», — делінген ақпаратта. 

Келесі жылы еліміздің Көлік министрлігі Қормен бірлесіп автопаркті жаңа отандық автобустармен жаңарту және толықтыру бойынша жұмысты жалғастырады деп жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар