USD
USD
USD

Биыл елімізде КСРО төлқұжатымен жүрген 867 адам анықталған

Құжат ауыстырмағандар айыппұл төлейді. Биыл елімізде КСРО кезеңінен қалған қызыл төлқұжатын ауыстырмай жүрген 867 адам анықталған.

Биыл елімізде КСРО төлқұжатымен жүрген 867 адам анықталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда жарамсыз әрі жоқ елдің төлқұжатымен жүргендер әлі де көп. Сондықтан Көші-қон қызметі комитетінің өкілдері адамдарды жыл соңына дейін заңды құжат алуға шақырады.

Жалпы жеке куәлігі жоқ жандарға медициналық және әлеуметтік жәрдем көрсетілмейді. Ел қатарлы білім ала алмайды. Зейнетақы да берілмейді. Ресми жұмысқа орналасып, ел аумағында еркін жүріп-тұрулары да қиындайды. Мамандардың айтуынша, осындай азаматтығы жоқ жандардың 60%-і ТМД елдерінен Қазақстанға қоныс аударғандар. 

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті  төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов: «Егер де еш жаққа шықпаған болса, туғаннан бері Қазақстан аумағында тұратын болса, біз тиісті мекемелерді тексертеміз. Мектеп, институт, жұмыс істейтін жері. Соның бәрін тексереміз, бар ма, жоқ па деп. Одан кейін егер барлық мәлімет растайтын болса, тиісті қорытынды шығарып, сол қорытынды негізінде жаңадан құжаттандырамыз» дейді. Жарамсыз құжаттармен жүрген адамдарды анықтау науқаны жыл соңына дейін жалғасады. ҚР Әкімшілік Кодекстің 490-бабы бойынша егер 1 айға дейін құжатсыз немесе жарамсыз құжатпен жүргендерге алдымен ескерту жасалады. Егер де 1 айдан көп уақыт құжатын ауыстырмаса, 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей