USD
USD
USD

Биыл егістік алқабы 105 мың гектарға ұлғайды

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл егістік алқабы 105 мың гектарға ұлғайды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Әкімдіктердің дерегіне сәйкес 2022 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы қалыптасты. Жалпы егіс алаңы - 23,1 млн гектар. Бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың гектарға артық. Жемшөп дақылдарының алқабы едәуір ұлғайтылып, 3,6 млн гектарға жетті. Сондай-ақ картоп, күнбағыс, көкөніс, яғни әлеуметтік дақылдар алқабы ұлғайтылды. Осы жылғы көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында біздің министрлік бірнеше рет облыс әкімдіктерімен кеңес өткізді», - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, егіс жұмысын жүргізуге, шаруа қожалықтарын тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты бүкіл мәселелерді үйлестіру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды.

«Оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары кіргізілді. Штаб отырысы апта сайын өткізіледі», - деді Әбілхайыр Тамабек.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат