USD
USD
USD

Биыл Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында халықаралық талапқа сай спорт кешендері салынуда, – деп хабарлайды  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты. Бүгінде өңірде елімізде теңдесі жоқ ескек есу базасының құрылысы жүріп жатыр. Мұнда ескек есуден облысымыз бен еліміздің ұлттық құрамасы жатығып қана қоймай, халықаралық додалар өтеді деп жоспарланып отыр. Нысан биыл пайдалануға берілмек. Облыс әкімі жобаны жүзеге асыру барысында суды үнемдеуге мән беру керектігін ескертті.

«Су шаруашылығы мамандарын шақырып, жан-жақтан су тартудың қосымша көздерін қарастыруды тапсырамын. Бұл спорттық және туристік кешенде де су үнемдеу жүйесін қолдану керек», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімі одан кейін Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің құрылыс барысын қадағалады. Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы орналасатын бұл нысан да биыл ел игілігіне тапсырылмақ.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet

Павлодарда Президенттің ел болашағына қатысты кітабы сөз болды

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»