USD
USD
USD

Биыл азық-түлік тауарларын шығаратын 33 инвестициялық жоба іске қосылады

Биыл азық-түлік тауарларын шығаратын 33 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл азық-түлік тауарларын шығаратын 33 инвестициялық жоба іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жалпы 2022 жылға 33 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде: 7 ет комбинаты, 10 сүт өңдеу зауыты, 10 құс фабрикасын салу және кеңейту бойынша жоба және 165 мың гектар алаңда 6 бақша салу. Бұл жобалар республиканың 13 өңірінде жалпы сомасы 38 млрд теңгеге іске асырылады. Нәтижесінде 1,7 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған», - деді министр.

Оның дерегінше, ірі нысандардың қатарында Алматы және Қарағанды облыстарындағы жалпы сомасы 7 млрд теңгені құрайтын сүт өнімдерін өндіруге бағытталған 2 жоба бар. Жобалар іске асқанда 110 жаңа жұмыс орны ашылады.

«Импортты алмастыру жөніндегі іс-шаралар аясында мынадай жүйелі шаралар қабылданатын болады: 23,6 млрд теңге сомасына жобаларды қаржыландыру; инфрақұрылымды дамыту; 6 млрд теңге көлемінде инвестициялық салымдарды субсидиялау; өнім сапасын бақылауды күшейту», - деді Ербол Қарашөкеев.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков